Алматыда қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты Снегин көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Медеу ауданында 1989 жылы пайдалануға берілген ұзындығы шамамен 350 метр жылу құбыры жаңартылады.
"Осыған байланысты 13 шілдеден бастап Самал-2 шағынауданындағы Снегин көшесі Меңдіқұлов бульвары мен Достық даңғылы аралығында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі", - деді әкімдік өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз