Алматыда 1981 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбырды ауыстыру мақсатында Жұмабаев пен Мақатаев көшелері қиылысында көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу ауданында 5 шілдеде сағат 20:00-ден 8 шілде сағат 23:00-ге дейін Айнабұлақ шағынауданында Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысын қамтитын аумақта көлік қозғалысы жабылады.
Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.
Мақатаев көшесіндегі жол бөлігінің астынан өтетін, 1981 жылдан бері пайдалануға берілген 2135 метрлік құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілді.
Бұл құбыр 344 көппәтерлі тұрғын үйді, 11 білім беру нысанын, 3 денсаулық сақтау нысанын және 483 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете беріледі.
"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!