Алматыда Береговой көшесі мен Ю.Ким көшесі қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
27 қарашада сағат 09:00-ден 28 қараша сағат 18:00-ге дейін Береговой және Ю.Ким көшелері қиылысында солтүстік бағыттағы көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Оңтүстік бағыттағы қозғалыс ашық болады.
"Уақытша шектеу жол астында орналасқан жабын плитасын ауыстыру жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Жоспарлы тексеріс кезінде плита зақымданғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова