Алматыда бір көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда бір көшеде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: depositphotos.com

Алматыда түнде Оспанов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматының шығыс бөлігінде арық жүйесін салу және қайта жаңарту жобасы аясында Оспанов көшесінде арық желісі өткелі салынады.

"Сондықтан 2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу "Эдельвейс" тұрғын үй кешенінен Жамақаев көшесіне дейінгі учаскеде енгізіледі", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget