Алматыда бір көшеде екі күнге қозғалыс шектеледі

Алматыда бір көшеде екі күнге қозғалыс шектеледі
Фото: depositphotos.com

Алматының Бостандық ауданында Бәйсейітова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, 3 қазан сағат 09:00-ден 5 қазан сағат 20:00-ге дейін Бәйсейітова көшесі-Абай даңғылынан №45 үйге дейінгі бөлікте көлік қозғалысы уақытша шектеледі. 

Жылу желісі учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты осындай шектеу енгізіліп отыр.

Сурет: Алматы әкімдігі

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget