Алматыда бірнеше күнге Жамбыл көшесіндегі қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алмалы ауданында жылу желілерін жоспарлы жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Осыған байланысты 15 тамыз сағат 23:00-ден бастап 18 тамыз сағат 07:00-ге дейін Жамбыл көшесімен Исаев көшесінен бастап Байғанин көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова