Алматыда бір көше уақытша жабылады

Алматыда бір көше уақытша жабылады
Фото: depositphotos.com

Алматыда Дулати көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дулати көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

26 маусымда сағат 22:00-ден бастап 27 маусым сағат 06:00-ге дейін Экологиялық бекет даңғылынан бастап Сапарлы жол көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

"Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget