- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда бір көше...
Алматыда бір көше уақытша жабылады
Алматыда Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалдаяқов көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
29 тамызда сағат 23.00-ден 31 тамыз сағат 11.00-ге дейін Мақатаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.
"Бұл аумақты Мүслім мен Ришат Абдуллиндер көшесі, Гоголь және Төле би көшелерімен, сондай-ақ, Зенков пен Қайырбеков көшелері арқылы айналып өтуге болады.
30 тамызда сағат 23.00-ден 1 қыркүйек сағат 11.00-ге дейін Төле би көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Зенков, Ришат және Мүслім Абдуллиндер көшелері арқылы айналып өтуге болады. Жөнделіп жатқан аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова