Алматыда бір көше тамыздың аяғына дейін жабылады

Алматыда бір көше тамыздың аяғына дейін жабылады
Фото: depositphotos.com

Алматыда Марков көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 25 тамызға дейін шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Бостандық ауданында 1973 жылы пайдалануға берілген 1,5 шақырымға жуық жылу трассасы ауыстырылады.

Сондықтан 3 шілде мен 25 тамыз аралығында Марков көшесінің бойымен – Бұқар Жырау бульварынан "Зайка" балабақшасына дейінгі аралықта көлік қозғалысы екі бағытта да тоқтатылады.

"Көршілес тұрғын үйлердің аулаларына көлік пен жедел қызметтер Римский-Корсаков көшесі арқылы, яғни Бұқар Жырау бульварынан №3 тұрғын үй жақтағы кіреберіске дейін қатынай алады. Жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget