Алматыда бір көше айға жуық уақытқа жабылады

Алматыда бір көше айға жуық уақытқа жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, Қарғалы өзенінің арнасын қайта жаңғырту және оның үстіндегі көпірді жаңарту жұмыстарына байланысты Жексенбаев көшесінде (Аханов көшесіне дейінгі учаскеде) көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"Аумақ 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін уақытша жабылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз