Алматыда бір жылдан аса уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның сүйегі Өскеменнің шетіндегі орман белдеуінен табылды, - деп хабарлайды Noks.kz сайты.
LIDER.KZ еріктілер тобының мәліметінше, Алматыда 2021 жылдың 13 наурызында 1991 жылы туған ер адам жоғалып кеткен. Ол сол күні сағат 6:30 шамасында Райымбек даңғылындағы жұмысынан шыққан, кейін оны ешкім көрмеген. Жақында еріктілер жас жігітті іздеу жұмыстары тоқтағанын хабарлады.
"Ер адамның денесі Өскемен қаласының іргесіндегі орманнан табылды. 19 шілдеде бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама жүргізіліп жатыр", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі өкілдері.