Алматыда бір бөлмелі пәтерге қанша жыл ақша жинау керек?

Алматыда бір бөлмелі пәтерге қанша жыл ақша жинау керек?
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда баспана сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек? Krisha.kz сарапшылары анықтап көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бір бөлмелі пәтерге қанша жыл ақша жинау керек? 

Сайт сарапшылары Ұлттық статистика бюросының 2022 жылдың ІІІ тоқсанындағы мәліметтеріне сүйеніп, қала тұрғындарының орташа жалақысын есептеген. Ал мысал ретінде бір бөлмелі пәтер алынған. Қаржы мамандары ай сайын тапқан табысыңыздың 30 пайызын баспана салуға жинап отыру керегін айтады. 

Зерттей келе, сайт сарапшылары ең көп көрсеткіш Алматыда екенін анықтаған. Табыстың 30 пайызын жинау арқылы алматылық тұрғын 19 жыл 7 айдан кейін баспаналы бола алады. Бүгінде 35 шаршы метр бір бөлмелі пәтер қайталама нарықта орта есеппен 24 миллион теңге тұрады. Ал алматылықтың орташа жалақысы 339,4 мың теңгедей. 

Ақша жинауды үйренудің жеңіл жолдары

Екінші орында - Шымкент тұрғындары. Бұл аймақта орташа жалақы 230 мың теңге екенін ескерсек, шымкенттік тұрғын 18 жыл бойы ақша жинап, баспаналы бола алады. 

Ал Петропавлда тұратын адам баспана сатып алуы үшін 15 жыл қажет. Қалада орташа жалақы 243 мың теңге, ал бір бөлмелі пәтерлер шамамен 13,2 миллион теңге. 

Астаналық тұрғын бір бөлмелі пәтер сатып алуы үшін 13 жыл 8 ай бойы ақша жинауы қажет. Өзге аймақ тұрғындары баспаналы болуы үшін 7 жыл мен 14 жыл аралығында ақша жинауы керек. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина