Алматыда бір айлық норманың жартысына тең қар жауған

Алматыда бір айлық норманың жартысына тең қар жауған
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Қар жаууына байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалада кейінгі тәулікте шамамен 20 миллиметр қар жауған, бұл - қарашаға арналған айлық норманың жартысына тең.

"Көшелерді қардан тазарту жұмыстары 4 қарашада сағат 20:00-де басталды. Осы уақыт ішінде жолдар екі рет сыпырылып, көктайғаққа қарсы арнайы қоспалар себілді. Әсіресе, көпірлер мен жолайрықтар, жүргінші өткелдері жіті назарда", - деді әкімдік өкілдері.

Бұл жұмысқа 900-ден аса арнайы техника және 2500-ден аса жұмысшы, соның ішінде кезекші және патрульдік бригадалар тартылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget