Биыл қарашада Алматыда жоғалып кеткен 34 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін жоғалған ер адамға қатысты бағыттаманы Lider.kz еріктілері Instagram-парақшасында жариялаған болатын.
1991 жылы туған Дүйсебеков Аяз Қошымбекұлы 25 қарашада жоғалып кеткен. Ол күндіз шамамен сағат 12:00-де үйінен шығып кеткен. Тұрғын үйінің мекенжайы: Алмалы ауданы, Райымбек даңғылы, 210/7-үй.
Белгілері: бойы 165–170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа, көздері қоңыр.
Киген киімі: көк түсті күртеше, көк түсті худи, сұр шалбар, қара кроссовка.
Ер адамның 22 желтоқсанда өлі табылғаны хабарланды. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz