Алматы қаласы әкімдігі бүгін әлеуметтік маңызды нысандар құрылысы мен қайта жөндеу бойынша бір қатар Меморандумға қол қойды. Осылайша, қол қойылған құжаттарға сәйкес "Масло-Дел" ЖШС шаһарымызға Райымбек батыр - Сейфуллин көшесі қиылысында 1800 ш.м жаңа мұз айдынын салады. Мұз айдынды құрылысы аяқталған соң оны хоккей және мәнерлеп сырғанауға пайдалануға беріледі. Бұдан өзге "ҚР Теннис федерация" РАА келісілген Меморандумға сәйкес Әуезов ауданында Мамыр-1 ықшам ауданда көлемі 1 га. 4 ашық және 4 жабық типті 8 теннис кортын салу жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
"Әсіресе, қазір бизнестің әлеуметтік бағдарланғандығы қуантады. 2016 жылдан бастап кәсіпкерліктік жауапкершілікті реттейтін кодекс күшіне енді, енді біз МЖС және бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде өте тығыз әрекеттесеміз. Біз басты назарды білімге бөлудеміз, сондықтан қаламызда білім беру қызметі политрасын құруымыз қажет, себебі білімге құйған инвестиция - болашақ мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігі", - деп атап өтті қала басшысы.
Сондай ақ Әкімдік өзара тиімді ынтымақтастық шеңберінде «Global Building Contract» ЖШСмен коммуналды кәсіпорындар қызметкерлерінің білімін көтеретін және білім беретін оқу орталығын салу Меморандумына қол қойды. Бұдан өзге аталған компания Медеу ауданындағы нанос станциясын қайта жөндеп, арыда Алматы қаласы коммуналды меншігіне өткізбек.
"Екі жақты жұмылған күш қазіргі таңда өз жемісін беруде. Біз алғашқыда мұндай жоба туралы естігенімізде - бізге бұл қажет па деген күдік тумады. Бұдан өзге аталған жобаларда тек техникалық ғана емес, Президентіміздің "5 институционалдық реформасын" жүзеге асыру бойынша "100 нақты қадам Ұлт жоспарында" айтқандай артықшылықтың бірі оқу орталығы. Біз жұмысқа кірісіп та кеттік және жақын арада өз міндетімізді орындауға тырысып бағамыз, болашақта қала тұрғындары жылыту насосынан барынша тиімді жылудың келуін сезінетін болады. Біздің есебіміз бойынша бұл 100 пәтерге берілетін жылу",- «Global Building Contracts» ЖШС бақылау кеңесі төрағасы Мухит Азербаев.
Сондай ақ "Allur Group" компаниясы келісім шеңберіне қала түрғындарының таңдауы "жасыл технологияны " насихаттау және қосымша ынталандыруға қызмет жасайтын 40 электрлік автозаправка бекеттерін орнатады.
"Бұл Меморандум энерго көзін сақтау және үнемдеу, экологияға қатысты. Сіздер білесіздер алматылықтардың қолдауымен қабылдаған "Алматы -2020" бағдарламасы 7 артықшылықтан тұрады, оның 2-уі негізгі - ол экология және көлік. Бұл екі сұрақ бір бірімен тығыз байланысты. Тәуелсіздігіміздің 25 жыл ішінде тұрғындардың өмір сүру жағдайларының жақсаруымен қалада автомобиль саны 10 есеге артты. Қазіргі таңда қаламызда 570 мың көлік тіркелген және 270 мың сырттан Алматы облысы аймақтарынан келеді. Сондықтан, біз қоршаған ортаны қорғау және ауаның ластануына көбірек назар аударуымыз қажет", - деп атап өтті Алматы қ әкімі Б.Байбек.