Алматыда биыл тамызда із-түссіз жоғалған әйел аман табылды

Алматыда биыл тамызда із-түссіз жоғалған әйел аман табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1992 жылы дүниеге келген Поволоцкая Людмила Валерьевна 11 тамызда жоғалған. Сол күні таңертең шамамен 10:00-де Алмалы ауданы, Айтеке би көшесі, 194 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.

Сырт белгілері: бойы 150–153 см, арық денелі, шашы ашық түсті, маңдайының оң жағында тыртық бар.

Киімі: қара туника, қою түсті леггинс, қызғылт резеңке тәпішке.

Әйел 17 қазанда табылды. Еріктілердің айтуынша, ол осы уақыт бойы қаланың басқа ауданында тұрып келген. Өзге мәліметтер нақтыланбады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз