Алматыда 2024 жылы ұзындығы 250 шақырым 274 көшені орташа жөндеу жоспарланып отыр. Жөндеу 1 маусымда басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, жұмыстарды жазда бастау жоспарланып отыр, бұл ретте 20 магистральды көшені жөндеу 25 тамызға дейін, ал аудандық көшелерді жөндеу биылғы қазан айының соңына дейін аяқталады.
Әр көше сегменттік қабаттағы учаскелерге бөлінеді. Учаскелерде мердігерлік ұйымдар басшыларының байланыс ақпараты бар арнайы стендтер орнатылады. Барлық смегменттік қабаттар туралы қала тұрғындарына БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабарланатын болады, сондай-ақ жөнделетін учаскелер "2ГИС" және "Яндекс карталар" сервистерінде көрсетіледі.
Жолдардағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында орташа жөндеу аясында қосымша қауіпсіз орындар мен жаяу жүргіншілер өткелдері құрылатын болады. Тротуарлар мен зақымдалған арық науаларды жөндеу жоспарланған. Фрезерленген материал қайта пайдалану үшін аудан әкімдіктеріне беріледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!