Алматыда бейнежүйелерді істен шығарған ер адам ұсталды

Алматыда бейнежүйелерді істен шығарған ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны бейнежүйенің сервер блоктарынан кабельдерді ұрлады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдіктінің қаланың төменгі бөлігінде тіркелген төрт ұрлыққа қатысы бары анықталды. Ол күндізгі уақытта ұрлық жасап жүрген. Ал өтіп бара жатқандар арасында күдік тудырмас үшін күртеше киіп, бір сөзбен айтқанда, сервистік компания өкілінің атын жамылып, әрекет еткен және ұрлаған заттарды металл қабылдау пунктіне өткізген.

"Талдау жүргізілді, бейнебақылау камераларының мәліметтері зерттелді. Нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды", - деп хабарлады полиция.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget