Алматыда бетперде таққан үшеу жеке кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған

Алматыда бетперде таққан үшеу жеке кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

12 қыркүйекте күдіктілер бетперде тағып, жеке үйге кірген. Шығын көлемі - 500 миллион теңге.

"Жедел жұмыс нәтижесінде Алматы қаласы және Алматы облысының үш тұрғыны ұсталып, қамауға алынды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Тергеу барысында күдіктілердің биыл Алматы облысының аумағында және былтыр Алматы қаласында жасалған екі қылмысқа қатысы бары анықталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!