- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда белгісіз біреулер...
Алматыда белгісіз біреулер зейнеткерді қайыр сұрауға мәжбүрлеген: полиция пікір білдірді
Алматыда полиция қызметкерлері бейтаныс адамдардың қыспағында болып, қайыр сұрауға мәжбүр болған 66 жастағы әйелдің ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Алматы Полиция департаменті бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы бойынша тіркелгенін хабарлайды. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Жетісу аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып, ҚР-ның заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады.
Еске салайық, бұған дейін 10 жылдан аса уақыт қайыр сұрап, бейтаныс адамдардың қыспағынан кеше босап шыққан 66 жастағы әйел бар сұмдықты айтқанын хабарлаған едік.
Тағдырдың қатал сынына ұшыраған қарттың көрмегені жоқ. Оның айтуынша, жаздың ыстығы, қыстың суығына қарамастан далаға тастап, күнде "салық" салып отырған. Жоспарды орындамаған күні оңбай таяқ жеп, миына да зақым келген көрінеді.
"Барлығын тартып алатын. Күні бойы жинаған ақшадан дым татырмайтын. Таңертең базар жақтағы көпірге қалдырып, кешке алып кетіп жүрді. Олар қалаған соманы жинай алмасаң, ит қорлық көрсететін. Оңбай ұрып, сұлатып түсіреді. Содан болар, есімді жөнді білмеймін. Құлдықта менен де басқа адамдар болды. Оларды қаланың басқа жағына тастайды", - деді жәбірленуші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек