Алматыда ақша айырбастайтын орын маңында қылмыс жасалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Төле би даңғылы бойында орналасқан ақша айырбастау пункті маңында болған. Белгісіз ер адам қала тұрғынынан 13 миллион теңге көлеміндегі ақшаны ашық түрде тартып алған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол - Алматы қаласының 39 жастағы тұрғыны.
"Оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қылмыс жасалған сәтте видеоға түскен киімдер, ақша және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!