Алматыда Шевченко және Байзақов көшелері қиылысында инженерлік желі тарту жұмыстары басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, 31 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында Алмалы ауданында жылу, су құбыры және су бұру желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі.
"Осыған байланысты Байзақов көшесінің Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Жүргізушілерден уақытша шектеуді ескеріп, бағытын жоспарлау сұралады", - деді әкімдік өкілдері.
Жұмыс үш учаскеде жүргізіледі. Жылу жүйесі Жамбыл көшесі, 168а мекенжайындағы нүктеден салынып жатқан ғимаратқа дейін тартылады. Су құбыры және су бұру желілері Байзақов көшесі, 232 мекенжайындағы нүктелерден салынып жатқан нысанға дейін жүргізіледі.
Сурет: Алматы әкімдігі
Барлық жұмысты 18 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова