Алматыда “Байсат“ базарынан жалған Apple өнімдері тәркіленді

Алматыда “Байсат“ базарынан жалған Apple өнімдері тәркіленді
Фото: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Алматыда Apple атын жамылған контрафакт өнімдер тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Байсат көтерме-бөлшек базары аумағында Apple белгісімен ірі көлемде контрафакт өнімді сату дерегі анықталған.

"Жеке кәсіпкер өңірлерге ұялы телефондардың (қуаттағыштар, кабельдер, құлаққаптар, адаптерлер және т.б.) контрафакт аксессуарларын көтерме бағамен сатқаны анықталды. Бұл дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деп жазылған хабарламада.

Шамамен 2 млн. теңге сомасына 1,5 мың өнім тәркіленген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget