Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені пәтер сатып алуға ұсынылмайтын үйлердің тізіміне енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қала құрылысын бақылау басқармасыны сілтеме жасап.
Қазір Обсерватория көшесі, 104/4 мекенжайындағы "Мечта" таунхаусы бойынша сот талқылаулары жүргізіліп жатыр. Ол жеке тұрғын үй құрылысына арналған жерге салынып жатыр.
Жоспардан тыс тексеру барысында Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері тұрғын үй кешенінің 1-нүктесінен келісілген эскиз жобадан ауытқығанын, 2-нүктеден рұқсат құжаттамасы болмағанын анықтады. Қазір 1 орынды меншік иесі өз бетінше пайдалануға берген.
"2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімге ұйғарым бере отырып, тапсырыс берушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 316-бабы 1-бөлігі "жобалау құжаттамасыз немесе талаптарды қоспағанда, белгіленген тәртіппен сараптамадан өтпеген жобалау құжаттамасы бойынша нысандар мен олардың кешендерін салу" бойынша шаралар қабылданды. Былтыр 14 қазаннан бастап тапсырыс беруші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 462-бабы бойынша нұсқаулықты орындамағаны үшін (мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде берген заңды талаптарды немесе нұсқаулықты, ұсынымдарды, қаулыларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін) жауапқа тартылды", - делінген хабараламада.
Басқарма нысанды пайдалануға қабылдау және бұзу актісінің күшін жою туралы сотқа талап арыз жолдады, сот талқылаулары жүріп жатыр.
Еске салайық, пәтерлерді сатып алмай тұрып, салынып жатқан тұрғын үй кешені құжатының бар-жоғын қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp жедел желісі нөмірі бойынша тексеру керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!