- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда баспана қымбат...
Алматыда баспана қымбат болғандықтан, студент көшеде шатыр құрғаны туралы видео тарады
Қазнетте Алматыда екі көшенің қиылысында тұрған шатырдың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Видео сипаттамасында баспананы жалға алудың қымбаттығына байланысты студент осындай қадамға баруға мәжбүр болған деп жазылған. Алайда Stopfake.kz мәліметінше, бұл - жалған ақпарат.
Іс жүзінде бұл шатыр "Бителеком" компаниясына тиесілі. Компания қызметкерлері оны қолданыстағы телефон канализациясында кабель төсеу жұмыстарын жүргізу ыңғайлы болуы үшін орнатқан.
Полиция қызметкерлері түсірген видеода оның ішінде компания қызметкерлерінің отырғаны, олардың жұмыс жүргізуге рұқсаты мен құжаттарының бар екені көрсетілген.
Демек, Алматыда көшеде шатыр тігіп, тұрып жатқан студент туралы ақпарат - фейк. Роликте көрсетілген шатыр кабель төсеу жұмыстарымен айналысатын компанияға тиесілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина