- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда баспана алуға...
Алматыда баспана алуға кезекте тұрғандарға тиімді бағдарлама пайда болды
Алматы бойынша "2-10-20" бағдарламасы 21 қыркүйек басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарлама бойынша, бастапқы жарна - 10 пайыз, жылдық үстемақы - 2 пайыз.
1 шаршы метр тұрғын үйдің құны - 272 000 теңге, баспана "таза" әрлеуде беріледі.
Бағдарлама аясында 95 пәтер беріледі.
Баспаналарды 21 қыркүйек 10:00 бастап 28 қыркүйек сағат 23:00-ге дейін броньдауға болады.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті Оtbasybank.kz сайты арқылы беру керек.
Өтініштер Алматы бойынша келесі санат бойынша кезекте тұрғандардан қабылдананды:
1) бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
2) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
3) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) көп балалы отбасылар;
5) толық емес отбасылар (2022 жылғы негізігі тізімнен "Бақытты отбасы" бағыты бойынша қатысушылар).
Тағы да оқи отырыңыз: Мұғалімдер күніне құттықтау-тілектер керек
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек