Алматыда бас шыршаның шамы жағылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыда 20 желтоқсан күні кешке Абай алаңында қалалық бас шыршаны жағу салтанатты рәсімі өтті.
Биіктігі 20 метр болатын Бас шырша Абай алаңында орнатылды.
Шыршаны жағу рәсіміне қала тұрғындары жиналды.
Салтанатты іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздары - Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, "Жігіттер", "Кешью", "Ринго", "Шамис" және тағы басқа топтардың қатысуымен концерттік бағдарламаға жалғасты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!