Алматыда Барахолкадағы жолға наурыздың аяғына дейін "Сергек" бейнебақылау камералары орнатылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында осындай тапсырма берді. Тұрғындар Солтүстік айналма жолын ретке келтіруді және ретсіз көлік тұрағына тыйым салуды сұрады. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл аумақтағы жол қозғалысы ережесін такси жүргізушілері елемейді.
"Биыл Алатау ауданында барлығы 37 "Сергек" камерасын орнату жоспарланған. Соның бірін наурыздың аяғына дейін Солтүстік айналма жолына орнатуды тапсырамын", - деді Ерболат Досаев.
2024 жылы Алматыда барлығы 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!