Алматыда барахолка маңында жүк көлігі өртенді

Алматы барахолкасының маңында жүк көлігі өртенді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт Солтүстік айналымда болған. Санаулы минуттарда өрт ЗИЛ жүк көлігін шарпыған.

Өртті сөндіруге жеті өрт сөндіруші мен бір техника жұмылдырылды.

"26 қыркүйек күні таңғы сағат 07:43-те Алатау ауданы, Солтүстік айналым, 32-үйдің жанына жіберілген өрт сөндірушілер ЗИЛ автокөлігіндегі өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаменті.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!