Алматыда балаға қатыгездік көрсеткен ер адам видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан ер адам баланың қолын бұрап жатқанын көруге болады. Бұл кезде баланың жанұшыра айғайлағаны, бірақ жақын жерде тұрғандардың ешқайсысы оған көмекке бармағаны байқалады.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Наурызбай аудандық полиция басқармасы дерек бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, заңға сәйкес шаралар қабылдап жатыр", - делінген полиция хабарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!