- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда балалардың көзінше...
Алматыда балалардың көзінше шалбарын шешкен ер адам ұсталды
Алматыда балалардың көзінше шалбарын шешкен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, Розыбакиев пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында белгісіз біреу балалардың көзінше шалбарын шешкен. Әсіресе ойын алаңындағы қыздардың алдында шалбарын шешуге тырысқан. Тұрғындар ер адамды ұстады.
Олар тәртіп сақшылары келгенше ер адамнан жауап алған. Ол тағылған айыптың бір бөлігін ғана мойындады.
"Балалардың көзінше неге шалбарыңды шештің?! "Ол жерде балалар болған жоқ!" - делінген видеода.
Алматы полиция департаменті өкілдері 27 жастағы күдіктінің ұсталғанын растады. Оның әрекеті ұсақ бұзақылық деп танылып, ол 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
"Бостандық АІІБ-нің полиция бөлімі 1996 жылы туған А. есімді ер адам ұсталды. Оның әрекеттері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша сарапталған", - деді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек