Алматыдағы мектептердің бірінің асханасына қатысты арнайы комиссия тексеріс жүргізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматылық әйел Tengrinews.kz редакциясына мегаполиске қарасты бір жалпы білім беретін мектептің асханасынан видео жіберді. Оның айтуынша, оқу орнында балаларды қалдықтар және ескі тағамдармен тамақтандырады.
TikTok-те жарияланған екінші видеода, қарсы табаққа бұрынғы тамақтардан қалған және мұздатып сақталған котлеттердің қайтадан қыздырылып, балаларға қайтадан берілетіндігі жазылған.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы Білім басқармасы ресми хабарлама таратып, мектеп асханасын арнайы комиссия тексеретінін мәлімдеді.
"№67 мектепте тамақтану сапасына қатысты ақпараттың таралуына байланысты Басқарма бейнежазбада баяндалған барлық мән-жайларды зерделеу және анықтау үшін тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық топтың жұмыс комиссиясы сол жерге кеткенін хабарлайды. Барлық мектептерде бракераждық комиссиялар құрылды, оның құрамына мектеп әкімшілігінің өкілдері, әлеуметтік педагог, медицина қызметкері және ата-аналар қоғамының мүшелері кіреді. Берілетін тағамдардың сапасын тексеруді бракераждық комиссиясы айына екі рет, ал мектептің медицина қызметкері күн сайын жүргізеді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы бұйрығымен бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың" 65-тармағына сәйкес тамақ қалдықтары шығуға жақын орналасқан мектеп асханасының қосалқы нысанындағы арнайы орында жинақталуы тиіс.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!