Алматы әкімі Ерболат Досаев Әйтеке би көшесін ұзарту қашан аяқталатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімі Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасындағы Әйтеке би көшесін ұзарту қыркүйектің аяғына дейін аяқталатынын хабарлады.
"Бұл жоба жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының пікірі ескеріліп, қайта қаралғанын атап өткім келеді. Жаяу жүргіншілер жолдары мен қажетті тұрақ орындарын қалпына келтіру қала мен осы көшелердің тұрғындарын қанағаттандырады деп сенемін", - деді қала әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, Әйтеке би көшесін ұзарту жоспары мамырда белгілі болды. Сол кезде Алматы әкімі биыл маусымда жұмысты бастағысы келетінін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!