Алматыда әйелдерге шабуыл жасаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
1981 жылы туған К. есімді ер адамға қатысты 9 тонау дерегі бойынша айып тағылды.
"Ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігі бойынша сараланды. Ол "Жетісу-3" ықшамауданында күдікті қыздың соңынан еріп, оған шабуыл жасап, алтын алқаны иемденіп, қылмыс орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші материалдық шығынды 250 мың теңгеге бағалаған. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне қатысты жарияланбайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!