- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда әйел...
Алматыда әйел мен екі баланың өліміне қатысты тың дерек шықты
Алматы прокурорлары "Спутник" тұрғын үй кешеніндегі ана мен екі баланың өліміне қатысты істі бақылауына алды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ведомство мәліметінше, марқұм 34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы туған балаларының денесінен зорлық белгілері табылған.
"Полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша соталды тергеуді бастады, оның аясында тергеу және жедел-іздестіру шараларының толық кешені жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, бейнематериалдар зерделеніп, куәгерлерден жауап алынады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеудің өзге деректері жария етілмейді. Қылмыстық істі тергеуді қалалық прокуратура ерекше бақылауға алды", - деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, оқиға 6 тамызда "Мамыр" шағынауданындағы пәтерлердің бірінде болған. Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Арыстанғани Заппаров тергеуді жеке бақылауына алды.
Ж. Қадыржанова