Алматыда аялдамада зейнеткер аяусыз соққыға жығылды: күдікті қамауға алынды

Алматыда аялдамада зейнеткер аяусыз соққыға жығылды: күдікті қамауға алынды
Фото: Видео кадры

Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам қамауға алынды. Бұл туралы полиция мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, сот санкциясымен 26 жастағы ер адам қамауға алынған.

"Тергеу органы қамауға алу туралы өтініш білдірді, прокуратура мен сот бұл өтінішті қолдады", - деді ведомство өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде Бостандық ауданындағы аялдамада 66 жастағы анасына ер адам шабуыл жасап, оны аяусыз ұрып-соққаны туралы жазба жариялады.

Жазба авторының айтуынша, ер адам ешкім жоқ сәтті күтіп, 66 жастағы әйелге шабуыл жасаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget