Алматылық дәрігерлер аялдамада троллейбус қағып кеткен жаяу жүргіншінің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жаяу жүргіншінің өміріне қауіп төнетіндей ауыр жарақат алмаған.
"Науқас №7 қалалық ауруханаға жеткізілді. Тексерулерден кейін науқас тұрғылықты жеріндегі емханаға амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деп хабарлады Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салайық, мұның алдында Алматыда троллейбус аялдаманың тас-талқанын шығарып, адамды қағып кеткенін хабарлаған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз