Алматыда екі автобус соқтығысуы салдарынан қаза тапқан ер адам туралы тың мәліметтер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаза болған адам №98 автобуста тағылымдамадан өткен болып шықты. Ол соқтығысқан кезде автобус терезесінен құлап кеткен деп болжанып отыр.
"Жол апаты кезінде №98 автобуста тағылымдамадан өтуші болған. Ол жұмысқа енді кірген. Тергеу мүддесіне байланысты ештеңені аша алмаймыз. Марқұм бізде тағылымдамадан өтуші болғаны туыстары іздеп, қоңырау шала бастағанда белгілі болды", - деді City-Bus ЖШС директоры Егор Жиглов.
Компания өкілі ол сол күні автопаркке келмегенін айтты. Автопарк мәліметінше, барлық ақпарат ішкі тергеуден кейін берілген.
"Біздің білуімізше, ол 8 қарашада 98-бағыттағы автобуспен "Көлік холдингіне" құжаттар алуға бара жатқан", - деді автопарк өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін марқұмның жаяу жүргінші екені айтылған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!