Алматыда автобуста телефон ұрлап жатқан әйелдің әрекеті видеоға түсіп қалды

Алматыда автобуста телефон ұрлап жатқан әйелдің әрекеті видеоға түсіп қалды
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда автобуста телефон ұрлап жатқан әйелдің әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"А. есімді әйел қоғамдық көлікке жолаушы ретінде отырған. Көрші жолаушы ұйықтап қалғанда, ол білдірмей қасындағы жолаушының қалтасынан IPhone телефонын суырып алған. Жәбірленуші шығынды 350 мың теңгеге бағалаған. Медеу аудандық ПБ-ның қызметкерлерімен бірге жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұялы телефон тәркіленіп, айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті 31 жаста. Қазір Тараздан келген әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек