Алматы полиция департаменті қалалық автобуста оқушы қызға шабуыл жасаған қарттың ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствода бұл іс бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі қылмыскердің жеке басын анықтап, оған қатысы бар адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін желіде автобуста қарт жолаушы оқушы қызға шабуыл жасағаны бейнеленген видео жарияланған болатын. Бойжеткеннің айтуынша, қария қызды оятпақ болып, алдымен аяғын теуіп, кейін ауызша балағаттап бастаған. Кейін ер адам қыздың бетінен ұрып, көзілдірігін жұлып, сындырған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!