- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда автобуста мастурбация...
Алматыда автобуста мастурбация жасаған ер адам іздестіріліп жатыр
Алматы полиция департаменті автобуста жыныс мүшесін ұстаған ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде видео пайда болды. Автобуста қыздың жанына бейтаныс ер адам отырып, жыныс мүшесін ашып, мастурбация жасай бастаған. Қыз камераға түсірмек болғанда ер адам агрессия көрсеткенін айтқан.
"НеМолчи" қоры мәліметінше, 20 мамырда ер адам әртүрлі автобуста осыған ұқсас бірнеше әрекет жасаған.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері қазір бұл оқиғаға қатысы бар адамды анықтау және оны ұстау шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Құқықбұзушының әрекетіне заңға сәйкес шаралар қолданылып, құқықтық баға беріледі", - деп қорытындылады полицейлер.
Этикалық себептерге байланысты редакция видеоны жарияламайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек