- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда автобуста жүру...
Алматыда автобуста жүру ақысы 200 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
Фото:
Tengrinews.kz
Алматыда жолаушыларды қоғамдық көлікте тасымалдау тарифтері өзгеруі мүмкін. Қаулының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жолаушы жол ақысын қалай төлейтініне қарай ақы келесідей өзгереді:
- байланыс операторы, қоғамдық көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы төлейтіндер - 100 теңге;
- қолма қол ақшамен төлейтіндерге - 200 теңге болады.
Айта кетейік, Астанада тариф 90 және 180 теңге, ШҚО-да 90 және 130 теңге, Жамбыл облысында 85 және 130 теңге, Қостанай облысында 100 және 170 теңге.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина