Алматыда автобуста бірнеше ер адам шетелдікті соққыға жықты

Алматыда автобуста бірнеше ер адам шетелдікті соққыға жықты
Фото: Видео кадры

Алматыда автобуста бірнеше ер адам шетелдікті соққыға жықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде таралды. Алматыдағы қоғамдық көліктердің біріндегі бұзақылық бойынша байланысты полиция жедел түрде тексеру және іздестіру шараларын бастады.

Оқиға 18 желтоқсанда болған. Бұл дерек бойынша полиция органдарына ресми арыз-шағым немесе хабарлама түспеген. Қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дер кезінде шара қолданып, тәртіп бұзғанды автобустан түсірген.

Сонымен қатар, бұл бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктіні анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ автобуста болған шетел азаматының және өзге де тұлғалардың жеке басы анықталып жатыр.

Полиция қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, қоғамға ашық түрде құрметсіздік танытатын, жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына қайшы келетін дөрекі әрі арсыз әрекеттер үшін заңнамада әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget