Алматыда автобусқа тапаншамен кірген ер адам жұртты шошытты

Алматыда автобусқа тапаншамен кірген ер адам жұртты шошытты

Әлеуметтік желіде Алматыда автобустардың бірінде қарт адамның қолында тапаншаға ұқсас затты ұстап тұрғаны көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода ер адамның мылтықты бір қолынан екінші қолына ауыстырып жатқанын көруге болады, содан кейін ол шығуға қарай бет алады. Видео авторының мәліметінше, оқиға №106 маршрут бойынша жүретін автобуста болған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді: кейбіреулер мұны әзіл ретінде қабылдады, ал басқалары қауіптілік барына алаңдаушылық білдірді.

Алматы полиция департаменті ер адамның ұсталғанын хабарлады.

"Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында қоғамдық көлікке тапанша ұстаған ер адамның мінгені анықталды. Жедел әрекет ету барысында қатысушының жеке басы анықталды. Ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Ер адам күзетші болып жұмыс істейтінін, тапаншаның ойыншық екенін, оны қала базарларының бірінен сатып алғанын түсіндірді", – деп атап өтті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Суреттер: Алматы қаласының ПД

Сондай-ақ ведомство талқылау жалғасып жатқанын және қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін алға тартты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина