Алматыда автобусқа соғылған автокөлік тізгінінде белгілі кинопродюсер болған көрінеді. 28 жастағы әйел қазір қамауда. Дереккөзге сенек, медиакомпания продюсері елдегі танымал криманал драмалардың түсірілімінде жетекшілік еткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Алайда кинокомпания бұл ақпаратты растамады, жоққа да шығармады.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болғаны хабарланды.
Алматыда жол апатына түскен автобус жүргізушісі оқиға қалай болғанын айтты
Кейінірек осы оқиға салдарынан 16 жолаушы медициналық көмекке жүгінгені, бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырғаны белгілі болды.
Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады. Ал куәгерлер қайғылы оқиғадан кейінгі жағдай туралы айтты.
Алматыда автобус апатқа ұшыраған сәттің видеосы пайда болды
"Төрт ересек адам ауруханаға жатқызылды. Олардың аяқ-қолы сынған. Жағдайы орташа ауыр. Барлық қажет ем-домды толық алып жатыр. Қалған науқастар тексерістен өткеннен кейін амбулаториялық емге жіберілді", - дейді Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ләйлә Иманғалиева.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!