- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда автобус қоршауға...
Алматыда автобус қоршауға соғылды: екі жолаушы ауруханаға жеткізілді
Алматыда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, әкімшілік ғимараттың қоршауына соғылды. Оқиға салдарынан екі жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 13 маусымда сағат 12:40-та болған.
"Спасская көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан №13 автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, әкімшілік ғимараттың қоршауына соғылды. Оқиға салдарынан қоғамдық көліктің екі жолаушысы зардап шекті. Олар медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ДП баспасөз қызметі өкілдері.
Жол апаты дерегін Түрксіб ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері өндіріске қабылдады.
Видеода балағат сөздер барын ескертеміз!
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек