Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне агрессия көрсетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға куәгері жолаушының автобус жүргізушісін қорқытып жатқан сәтін түсіріп алған. Ер адам алдымен жүргізушіге балағат сөздер айтып айғайлайды, содан кейін кабинаны бөліп тұрған әйнекті ұрып сындырады.
Алматы полициясы бұл дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Құқықбұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылады. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деп хабарлады полиция.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!