Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
9 желтоқсанда сағат 10:54-те Алмалы ауданы Төле би даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесімен қиылыста 2007 жылы туған қыз баланы қағып кеткен.
"Ол белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді", - деді полиция.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалған. Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Жолаушы тасымалдайтын жүргізушінің жолда ұялы телефонға алаңдауы - мүлде жол беруге болмайтын әрекет. Әр жүргізуші жолда барынша мұқият болуға тиіс", - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз