- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда автобус жүргізушісі...
Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде автобус жүргізушісі екі адамды қағып кетті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, әйел ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 9 қыркүйекте сағат 9:05-те болды. Қоғамдық көлік жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай келе жатып, арнайы жаяу жүргіншілерге арналған өткелде жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан екі адамды қағып кеткен. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған.
Оқиға салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жаяу жүргінші, 1957 жылы туған әйел қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.
"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек