- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда автобус жүргізушісі...
Алматыда автобус жүргізушісі 24 жастағы қызды қағып кетті: полиция істің мән-жайын айтты
Алматыда автобус жүргізушісі 24 жастағы қызды қағып кетті. Оқиға автобустың соңғы аялдамасы, Жетісу базарына жақын жерде болған. Полиция істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция өкілдері оқиға 14 желтоқсанда болғанын растады.
"Түрксіб ауданында FOTON маркалы автобусты Құлжа тасжолында оңтүстік бағытта келе жатқан. Ол оңға бұрылған сәтте жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан зардап шеккен 1998 жылы туған азаматша ауруханаға жеткізілді. Алған жарақат салдарынан ол ауруханада қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қажет сараптама тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін марқұм Лейла Саттарованың туысы оқиға қалай болғанын айтып, куәгерлерді іздейтінін айтқанын хабарлаған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина